Рыбакина қарсыласы анықталуы мүмкін
Әлемнің 12-ракеткасы Каролина Мухова Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда ол әлемнің жетінші ракеткасы Элина Свитолинаны 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.
Ойын барысында Мухова екі эйс жасап, бірде-бір қос қателік жібермеді және жеті брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Свитолина екі эйс тіркеп, үш қос қателік жіберді және 11 мүмкіндіктің төртеуін жүзеге асырды.
Финалда Мухова Елена Рыбакина мен Мирра Андреева арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Рыбакина Штутгарттағы ауыр матчтан кейін ұйықтап қалпына келетінін айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или