Қазақстанда туған файтер TUF жобасына өту жолында Царукянның қолдау көрсеткенін айтты

Қазақстанда туған файтер TUF жобасына өту жолында Царукянның қолдау көрсеткенін айтты

Қазақстанда дүниеге келген аралас жекпе-жек шебері Артём Белах танымал файтер Арман Царукянның көмегі оның The Ultimate Fighter шоуына қатысуына ықпал еткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белахтың сөзінше, ол Царукянмен UFC Performance Institute орталығында кездейсоқ кездесіп, әңгімелескен. Кейін белгілі спортшы оған қолдау көрсеткенін жеткізді. Дегенмен нақты қандай көмек болғанын ашып айтпады.

Бұған дейін Артём Белах UFC-де өнер көрсетіп, Қазақстанның намысын қорғауды жоспарлайтынын мәлімдеген еді. 30 жастағы спортшы Ерейментауда туған, 18 жасына дейін Қазақстанда тұрған. 

Айта кетелік, оның кәсіпқой рекордында 11 жеңіс пен екі жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или