Елена Рыбакина мен Лейла Фернандес арасындағы кездесуге болжам жасалды

Елена Рыбакина мен Лейла Фернандес арасындағы кездесуге болжам жасалды

Ресейлік Vedomosti.ru басылымы Германияның Штутгарт қаласында өтетін WTA 500 турнирінің ширек финалындағы Елена Рыбакина мен Лейла Фернандес арасындағы кездесуге болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сарапшылар қазақстандық теннисшінің айқын басымдығын атап өтті. Матч алдындағы талдауда Лейла Фернандестің маусымдағы нәтижелері тұрақсыз екені және оның қазіргі формада топ-10 деңгейіндегі қарсыластармен бәсекелесе алмайтыны айтылған. Сонымен қатар, грунт жабыны канадалық спортшыға қолайсыз екені де көрсетілген.

Айта кетелік, Рыбакинаның Штутгарт турниріндегі ойыны жақсы бағаланып, негізгі фаворит ретінде аталып отыр. Басылым матчта сенсация болмасада,  қазақстандық теннисшінің ірі есеппен жеңуі мүмкін екенін болжаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или