Рыбакина Штутгарт турнирінің Porsche автокөлігін ұтып алуға жақын
Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 санатындағы беделді Porsche Tennis Grand Prix турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің екінші ракеткасы Диана Шнайдерді екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылып, Рыбакина матч барысында тұрақты әрі сенімді ойын көрсетті. Ол қарсыласының қысымына қарамастан, маңызды сәттерде басымдықты сақтап қалды.
Айта кетелік, бұл турнирде жеңімпаз 500 рейтинг ұпайымен қатар Porsche автокөлігін және 161 310 еуро жүлдесін иеленеді. Рыбакина бұған дейін бұл жарыста 2024 жылы чемпион атанып, Porsche жеңіп алған болатын.
Қазақстандық теннисші Португалиядағы жарыстан шығып қалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или