Хоккейден ӘЧ: Бүгін Қазақстан мен Испания кездеседі
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы үшінші ойынын Испанияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 23:00-ге жоспарланған.
Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. 2024 жылы отандастарымыз бұл қарсыласын 5:3 есебімен тізе бүктірсе, 2021 жылы 2:3 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты.
Алғашқы екі турда қазақстандық хоккейшілер Латвияға буллитен 2:3 есебімен, ал Нидерландқа 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Испания Ұлыбританияға 2:3 есебімен және Нидерландқа 0:6 есебімен есе жіберді.
Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 1 ұпаймен бесінші орында тұрса, көш соңында келе жатқан Испанияның әзірге ұпай қоржыны бос.
Айта кетейік, 12-18 сәуір аралығында Испанияда өтіп жатқан додада Қазақстан құрамасы Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.