Бекзат Алмахан Бакуде өтетін UFC кешінде жаңа қарсыласымен жұдырықтасады

Бекзат Алмахан Бакуде өтетін UFC кешінде жаңа қарсыласымен жұдырықтасады

Қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмахан келесі кездесуін 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде өткізеді, деп һабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы Бразилия өкілі Жан Мацумото боп бекітілді. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді және Баку Crystal Hall аренасында ұйымдастырылатын турнирдің негізгі кардында болады.

Мацумотоның рекорды  17 жеңіс, 2 жеңілістен тұрады. Ал Алмахан UFC-де 3 жекпе-жек өткізген: дебютінде Умар Нурмагомедовтен ұтылды, кейін Бред Катонаны 64 секундта нокаутпен жеңді, ал соңғы кездесуінде Александр Топурияға төрешілер шешімімен есе жіберді.

Айта кетелік, қазақстандық спортшының UFC келісімшарты бойынша әлі бір жекпе-жегі қалған.

Өзбекстанда өтетін OCTAGON 86 турниріне жарқын промо жарияланды

TUF шоуында ТМД-дан үш файтер бақ сынайды

LFA чемпионы UFC жолына тағы бір қадам жасады

Майамидегі UFC турнирінде рекордтық кіріс тіркелді

UFC Ақ үйдегі тарихи турнирге арналған постерді жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или