Қырғызстандық файтер UFC жолдамасын беретін шоуға өтті

Қырғызстандық файтер UFC жолдамасын беретін шоуға өтті

Қырғызстандық аралас жекпе-жек шебері Илимбек Акылбек уулу (10-3) UFC президенті Дана Уайттың жаңа жобасына қатысушылар қатарына енді. Ол жеңіл салмақта өтетін әйгілі The Ultimate Fighter шоуында бағын сынайды, деп һабарлайды Prosports.kz.

Бұл жоба жеңімпаздарына UFC ұйымымен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Илимбек ТМД жанкүйерлеріне OCTAGON лигасындағы өнері арқылы жақсы таныс. Ол 2023 жылы небәрі 19 жасында Гран-при жеңімпазы атанып, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленген еді.

Айта кетелік, жаңа маусымға қазақстандық файтер, LFA чемпионы Артём Белах (11-2) та қатысады. Ал өткен маусымда тағы бір қазақстандық спортшы Әліби Идрис финалға дейін жетіп, кейін UFC-пен келісімшартқа қол қойған болатын.

Өзбекстанда өтетін OCTAGON 86 турниріне жарқын промо жарияланды

TUF шоуында ТМД-дан үш файтер бақ сынайды

LFA чемпионы UFC жолына тағы бір қадам жасады

Майамидегі UFC турнирінде рекордтық кіріс тіркелді

UFC Ақ үйдегі тарихи турнирге арналған постерді жариялады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или