Чесноков пен Кенжебек «Елімай» ойыншысы атануы мүмкін

Чесноков пен Кенжебек «Елімай» ойыншысы атануы мүмкін

Семейдің «Елімай» футбол клубы еурокубок қарсаңында құрамды күшейтуге кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі журналист Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, семейлік ұжым алдағы халықаралық додалар алдында жоғары деңгейдегі трансфер жасауды жоспарлап отыр. Негізгі нұсқалардың қатарында Шотландияның «Хартс» клубында өнер көрсететін Ислам Чесноков пен Ресейдің «Ахмат» командасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек бар. Қазақстандық ұжым екі ойыншыны жалға алу нұсқасын қарастырмақ.

Ислам Чесноков 2026 жылдың 6 қаңтарында шотландиялық клубқа ауысып, 8 матчқа қатысып үлгерді. Еншісінде 1 гол бар. Ал Ғалымжан Кенжебек 10 қаңтарда ресейлік клубтың сапына қосылды. 23 жастағы вингер небәрі 3 ойында алаңға шыққан және нәтижелі ойынымен көзге түсе қоймады.

Айта кетейік, семейлік клуб Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсететін болады.

Қазақстан кубогы: 1/8 финал кестесі жарияланды

«Оқжетпес» бапкеріне жаңа пәтер кілті табысталды

«Қайрат» шегерілген матчқа қатысты мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или