«Қайрат» алдағы ойын уақытының өзгергенін хабарлады
Алматылық «Қайрат» футбол клубы алдағы тур ойынының уақыты өзгергенін ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті жанкүйерлер!
«Қайрат» пен «Каспий» арасындағы кейінге шегерілген 25-тур матчының басталу уақытының өзгергенін хабарлаймыз.
Матч сенбі күні, 18 сәуір, сағат 18:00-де өтеді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Қайрат» клубы 5 турдың қорытындысы бойынша, 11 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Каспий» 1 ұпаймен көш соңында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или