Көкшетау әкімі «Оқжетпес» бапкеріне пәтер кілтін табыстады

Көкшетау әкімі «Оқжетпес» бапкеріне пәтер кілтін табыстады

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының бас бапкері Ринат Әлюетов Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Ертіс» (2:1) клубын жеңгеннен кейін қызметтік пәтерге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тұрғын үйдің кілтін бас бапкерге өңір әкімі Марат Ахметжанов табыстады.

Айта кетейік, клубта бұған дейін жаңа бонустық жүйе енгізілген. Оған сәйкес, футболшылар әр соғылған гол үшін бір миллион теңге, жауапты гол үшін екі миллион теңге алады. Сонымен қатар, қақпашының нәтижелі ойыны, соның ішінде «құрғақ» матчтар мен шешуші сейвтер үшін де бір миллион теңге қарастырылған.

Қазір «Оқжетпес» бес турдан кейін 11 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр. Келесі ойынын команда 16 сәуір күні сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыға» қарсы өткізеді.

«Окжетпес» екі пенальтиден гол соғып жеңіске жетті

Шушеначевтің пенальтиі «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады

«Қызылжар» өз алаңынды ірі есеппен жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или