«Қызылжар» ірі есеппен жеңіске жетті
ҚПЛ-2026 маусымының бесінші турында петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында елордалық «Жеңісті» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Анатолий Козленко мен Аслан Әділ гол соқты, ал Йоханнес Бьорталид дубль авторы атанды.
Осы нәтижеден кейін «Қызылжар» 8 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Ал «Жеңіс» 3 ұпаймен 13-орында тұр.
Келесі турда «Қызылжар» сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі. «Жеңіс» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или