Ауыр атлетикадан әлем чемпионына пәтер кілті табысталды
Қарағанды қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан ауыр атлетика федерациясы әлем чемпионы Артем Антроповқа пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл марапат спортшының жоғары жетістіктері мен отандық спортты дамытуға қосқан үлесінің белгісі болды. Пәтер спортшының туған қаласы Қарағандыдан берілді.
«Көрсетілген қолдау мен жоғары баға жаңа белестерді бағындыруға деген ынтаны арттырады. Бұл жас ұрпақ үшін үлкен үлгі және өз мақсаттарына жетуге, спортпен айналысуға, жеңістің қуанышы мен жарқын болашаққа ұмтылуға сенім береді.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджиев Гаджи Шапиевичке үлкен алғысымды білдіремін! Федерация басшылығының пәтер сыйлауы — алғаш рет болып отыр. Бұл менің арманымдағы пәтер! Эмоциямды сөзбен жеткізу қиын, жетістіктерімнің осылай жоғары бағаланғанына өте қуаныштымын», - деді Артем Антропов.
Айта кетейік, Артем Антропов 2024 жылы өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатының уақыты өзгерді
Ауыр атлетикадан ұлттық құрама халықаралық турнирге қатысады
Астана 2028 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қабылдайды