Көкшетауда заманауи футбол стадионы салынады
Көкшетау қаласында жаңа заманауи футбол стадионының құрылысы жоспарланып отыр. Жоба аясында халықаралық талаптарға сай спорт аренасын салу көзделген, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа нысан «Сарыарқа» шағынауданында бой көтереді. Қала әкімі Ануар Кумпекеевтің айтуынша, стадион құрылысы халық санының артуы және бұқаралық әрі кәсіби спортты дамыту қажеттілігіне байланысты қолға алынған.
Жоспарға сәйкес, арена 10 мыңға дейін көрерменді сыйдыра алады. Бұл ішкі чемпионат ойындарымен қатар халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
Болашақ стадион УЕФА талаптары мен стандарттарына толық сәйкес болады деп күтілуде.
«Оқжетпес» бапкеріне жаңа пәтер кілті табысталды
«Қайрат» шегерілген матчқа қатысты мәлімдеме жасады
«Окжетпес» екі пенальтиден гол соғып жеңіске жетті