«Спортинг» екі ойыншыға жаңа келісім ұсынды
Лиссабондық «Спортинг» футзалшылары Тайнан мен Алекс Мерлимге жаңа келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
33 жастағы Тайнан қазір ауыр жарақаттан кейін қалпына келіп жатыр. Осыған байланысты оның болашағы әзірге белгісіз. Бразилия тумасы алаңға 2026 жылдың соңына қарай ғана оралуы мүмкін.
Ал Алекс Мерлим командадағы негізгі ойыншылардың бірі болып қала беріп отыр. Ол тұрақты ойынымен көзге түсіп, клуб үшін маңызды рөл атқарып жүр.
«Спортинг» екі футзалшымен де келісімге келіп, оларды келесі маусымда құрамда сақтап қалуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Тайнан бұған дейін Қазақстан құрамасында ойнап, алматылық «Қайраттың» намысын қорғаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или