«Семей» ірі есеппен жеңіске жетті
Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген 25-туры аясында «Шымкент» өз алаңында «Семейді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 13:4 есебімен қонақтардың ірі жеңісімен аяқталды. «Семей» сапында Ринат Турегазин покер авторы атанса, Педро Фариас хет-трик жасады. Бруно Гомес пен Дедезиньо Андерсон дубльмен көзге түсті. Сондай-ақ Родриго Барбоса мен Чингиз Есенаманов та гол соқты.
Алаң иелері сапында Айдар Жақсыбек екі гол соқты. Ал Жахангер Куанткан мен Нұрсұлтан Орманбек бір-бір голдан еншілеген.
Осы жеңістен кейін «Семей» 98 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Шымкент» 16 ұпаймен соңғы, 12-орында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или