Астанада өткен Billie Jean King Cup іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жеңіске жетті

Астанада өткен Billie Jean King Cup іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жеңіске жетті

Астанада өткен Billie Jean King Cup іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Канада матчында қазақстандық жұп сенімді жеңіске жетті, деп һабарлайды Prosports.kz.

Ел намысын қорғаған Анна Данилина мен Жібек Құламбаева канадалық Кайла Кросс және Бьянка Андрееску жұбын екі сетте жеңді — 7:5, 6:1. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы жалпы есепте 2:1 есебімен алға шықты.

Айта кетелік, мұнан соң Юлия Путинцева мен Бьянка Андрееску арасындағы жекелей матч басталады.

Айта кетелік, бұл айқастың жеңімпазы қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или