«Семей» Алекс Мерлимге қызығушылық танытып отыр
Италия-бразилиялық футзалшы Алекс Мерлим мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
39 жастағы футболшы клубта 11 жыл ойнағаннан кейін биылғы маусымның соңында Лиссабонның «Спортингінен» кетеді. Bolanarede.pt сайтының мәліметі бойынша, оның келісімшартына негізгі үміткерлердің бірі - қазақстандық «Семей», олар италиялық құрама ойыншысына қызығушылық танытып, алдын ала байланыс орнатқан.
«Семей» бұған дейін «Спортингтің» тағы бір ойыншысы Зики Тэмен келісімшартқа отыруға тырысқан. Сонымен қатар, Мерлим Италияға оралуды қарастырып жатыр және испаниялық «Интер Мовистар» клубының назарында.
Биылғы маусымда Мерлим «Спортинг» сапында 30 ойын өткізіп, 15 гол соқты.
Ұлттық құрама құрамында өзгеріс орын алды
«Тұлпар» капитаны осы маусымдағы матчтарға қатыспайды
Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізеді