Алькарас Бубликке қарсы сенімді ойын көрсетті

Алькарас Бубликке қарсы сенімді ойын көрсетті

Әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас Монте-Карло қаласында өтіп жатқан ATP Masters турнирінің жартылай финалына сенімді түрде жолдама алды, деп һабарлайды Prosports.kz.

Ол ширек финалда қазақстандық Александр Бубликке қарсы ойнап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Кездесу 6:3, 6:0 есебімен аяқталды. Матч небәрі 1 сағат 2 минутқа созылды. Бублик ойын барысында екі эйс жасап, бір қос қателік жіберді және екі брейк-пойнттың біреуін ғана пайдалана алды.

Айта кетелік, жартылай финалда Алькарас Валентин Вашеро мен Алекс Де Минаур арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или