Нұржан Насанов: 8 медальмен жалпы командалық есепте көш бастадық

Нұржан Насанов: 8 медальмен жалпы командалық есепте көш бастадық

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатын қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

 Биыл құрлықтық дода аса тартысты өтті деуге негіз бар. Оған барлығы 21 мемелкеттің өкілдері келді. Ерлер арасында 115 былғары қолғап шебері жүлдені сарапқа салды. Шәкірттерім 8 медальмен жалпы командалық есепте көш басына шықты. Олардың арасынан Сабыржан Аққалықовты үздік деп бағалар едім. Ол шаршы аалңда жақсы ойын көрсетті. Әрине, қателіктерге жол берілді. Ендігі кезекте сол бағытта сараптама жасаймыз. Алдағы Азия ойындары жақындап келеді. Ендігі кезекте соған дайындалатын боламыз. Онда боксшылар барлығы 6 салмақта сынға түседі. Оны федерация басшылығы және бапкерлер штабымен ақылдаса отырып, нақты құрамды анықтайтын боламыз, - деді Нұржан Насанов.

Айта кетейік, Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен құрлықтық додада еліміздің ерлер құрамасы төрт алтын, бір күміс, үш қола алды.

Азия чемпионатында Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілсе, Төрехан Сабырхан (70 келі) күміс, Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Ал еліміздің әйелдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен қорытындылап, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Үндістанның 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медальі бар.

Әйелдер құрамасының бас бапкері Азия чемпионатын қорытындылады

Қазақстан Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады

Мемлекет басшысы боксшыларды құттықтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или