Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дода Қазақстан ерлер құрамасы үшін сәтті аяқталды. Төрт алтын жүлдемен біздің боксшылар жалпы есепте үздік шықты. Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай алтыннан алқа тақты. Өкінішке қарай, Төрехан Сабырхан финалда жеңіліп, күміс жүлдені қанағат етті. Сондай ақ, үш боксшымыз қола жүлде еншіледі.
Жалпы есепте 3 алтын, екі күміс, екі қола еншілеген Өзбекстан құрамасы екінші орын алды.
Бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль алған Үндістан жалпы есепте үздік үштіктен көрінді.
Әйелдер арасындағы сында Қазақстан құрамасы екінші орын иеленді.
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан күміс жүлдегер атанды