Қамшыбек Қоңқабаевтың Англиядағы жекпе-жегі қашан өтетінін анықталды

Қамшыбек Қоңқабаевтың Англиядағы жекпе-жегі қашан өтетінін анықталды

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (5-0, 4 нокаут) Англияда өтетін кәсіби жекпе-жегінің күні жарияландығ деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec мәліметі бойынша, қазақстандық ауыр салмақтағы боксшының алты раундтық жекпе-жегі 2026 жылдың 24 мамырында Англияның Болтон қаласындағы The Hideout Arena-да өтеді деп жоспарланған. Қарсыласы әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

Қоңқабаев соңғы кәсіби жекпе-жегін 2022 жылдың 25 наурызында Алматыда өзбекстандық Фаррух Джураевқа қарсы өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Боксшымыз қазіргі уақытта Лондондағы оқу-жаттығу жиынында, онда Leo's Gym залында жаттығып жатыр.

Қоңқабаев - 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, оның қоржынында екі әлем чемпионатының күміс медальдары (2017, 2019) және Азия чемпионаттарының төрт күміс медалі (2017, 2019, 2021, 2022) бар.


Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов ақтық сынға жолдама алды

Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалында бақ сынайды

Айгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или