Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
75 келідегі Сабыржан Аққалықов финалда өзбек өкілі Жавохир Абдурахимовпен кездесті.
Бірінші раундты қазақ боксшысы 4:1 есебімен сенімді алды. Екінші раундта да Сабыржан қарқын түсірмеді. 5:0 есебімен өз пайдасына шешті.
Үшінші раундты толықтай өз бақылауында ұстаған қазақстандық боксшы сенімді жеңіс тіркеді.
Осылайша, Сабыржан Аққалықов Азия чемпионы атанды.
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан күміс жүлдегер атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или