Нұрбек Оралбай Азия чемпионы атанды
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегінде қазақстандық боксшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
85 келідегі Нұрбек Оралбай финалда өзбек спортшысы Жасурбек Юлдошевпен кездесті.
Бірінші раунд 5:0 есебімен Нұрбектің пайдасына шешілді. Екінші раунд дәл осындай есеппен жерлесіміздің еншісіне кетті.
Үшінші раундта да 26 жастағы боксшымыз қарсыластың адымын аштырмады.
Осылайша, Оралбай қарсыласын сенімді жеңіп, өз салмағында Азия чемпионы атанды.
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан күміс жүлдегер атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или