Тарихи сәт. Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді

Бүгін тарихи сәт, тарихи күн! Себебі, футзалдан Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсетуде. Тегеурінді Ресей құрамасына қарсы бірінші кездесуін өткізетін Какау шәкірттері алғашқы ұпайларына қол жеткізуге тырысатыны анық еді.

Матч фавориті саналған ресейліктер ойынды жылдам қарқында бастады. Соның әсері болу керек, айналдырған бір минуттің (12-ші минут) ішінде Ромуло біздің қақпашы Игитаның қақпасынан екі мәрте саңылау тапты. Дегенмен де, есеп айырмасын қысқартуға тырысқан Қазақстан құрамасы ұзақ өтпей жатып жауап қатты. Игитаның жойқын соққысынан кейін доп Серік Жаманқұловтың денесіне тиіп барып, қақпаға топ ете қалды. Осылайша, тағы бір тарих беттері жазылды. Еуропа біріншілігіндегі Қазақстан құрамасының тұңғыш голын алматылық «Қайраттың» футболшысы Жаманқұлов өзінің еншісіне жазды.

Екінші таймда қазақстандық ойыншылар жылдам бастады. Шыңғыс Есенамановтың гол соғатын ұрымтал сәті болған еді, алайда оның жойқын соққысы қақпадан сәл жоғары кетті. Ал есепте бір доп басымдығы бар Ресей құрамасы шабуылды ұмытқандай, бар назарды қорғанысқа аударды. Гол соғудан бұрын, қақпасына доп жіберіп алмауды көздеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіндегі алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. Ендігі, Какау шәкірттері Хорватия құрамасымен жолдама үшін таласатын болады.

Еуропа чемпионаты. Топтық кезең

Ресей - Қазақстан - 2:1 (2:1)

Голдар: 12' Ромуло (1:0), 12' (2:0), 13' Жаманқұлов (2:1)

Ресей: Густаво, Эдер Лима, Робиньо, Шаяхметов, Давыдов – Викулов, Сергеев, Кутузов, Ромуло, Милованов, Лысков, Переверзев, Абрамов, Шакиров

Қазақстан: Игита, Довгань, Лео, Дуглас, Есенаманов – Шамро, Жаманқұлов, Першин, Сүлейменов, Гребонос, Кнауб, Пенгрин, Таку, Нұрғожин.

Сербия, Белград қаласы. «Belgrad Arena»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или