Исламбек Қуат: «Владимир Вайсс Қазақстан құрамасын баптауға ең лайық бапкер»

Исламбек Қуат: «Владимир Вайсс Қазақстан құрамасын баптауға ең лайық бапкер»

Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Prosportkz.kz сайтына сұхбат берді.

- Егерде Владимир Вайсс Қазақстан құрамасының бас бапкері атанса, мен үшін бұл жақсы жаңалық болар еді. Ол команданы жаттықтыруға ең лайық бапкер. Вайсс Қазақстан чемпионатымен жақсы таныс, көп ойыншыларды таниды. Біздің Ұлттық құрамамыз үшін осындай бапкер қажет.

- Анатолий Тимощук жайлы не айта аласыз?

- Анатолий жаттығуларда жас ойыншылар сияқты аянбай тер төгеді. Тимощук барлығымызды жоғарыға итермелейтін маңызды ойыншы.

- Андрей Сидельниковты командаңыз қалай қарсы алды? Оның аяғындағы «Ақтөбеге» арналған «татуы» жайлы не ойлайсыз?

- Меніңше, Андрейге әлі уақыт керек. Оны Қазақстанда бәрі жақсы таниды. Ал оның «татуировкасына» құрметпен қараймын. Андрей кәсіпқой мансабындағы ең қуанышты кезеңдерін «Ақтөбеде» өткізді.

- Тоқтар Жаңғылышбай «Қайратқа» ауысқанына өкінетінін айтты. Өзіңіз қаншалықты негізгі құрамадағы орынға таласуға дайынсыз?

- Тоқтар жайлы ештеңе айта алмаймын. Өзбасым негізгі құрамға іліну үшін бар күшімді саламын.

- «Қайрат» үшін Қазақстан чемпионатын жеңу маңыздырақ па, әлде Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу ма?

- «Қайрат» алдында тек жоғары мақсаттар ғана тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или