Серік Әбдуәлиев: «Негізгі ойыншылардың жоқтығы нәтижеге әсер етті»

Қазақстан жастар құрамасының Достастық Кубогында көрсеткен нәтижесіне қатысты соңғы уақытта көптеген әңгімелер айтылып жүр. Жоғары нәтиже көрсете алмау себептерінің бірі - құраманың негізгі ойыншыларының болмауы. Бұл туралы Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Әбдуәлиевтен сұрағанды жөн көрдік.

- Серік Қайыркенұлы, Қазақстан жастар құрамасына шақырылған футболшылардың келмегені рас па?

- Иә, рас. Турнирге дайындық алдында құрамаға ойыншыларды шақыру мәселесі болды. Құраманың негізгі ойыншылары келмеді. Олар - «Қайрат» ойыншысы Тимур Рудосельский мен «Астана» ойыншысы Берік Шайхов. Сонымен қатар, алматылық клубтың бес ойыншысы шақырылды: Владимир Грошев, Ойбек Балтабаев, Ян Вороговский, Сергей Кейлер, Мадияр Райымбек.

- «Қайрат» пен «Астана» ойыншыларының жоқтығы Достастық Кубогының нәтижесіне әсер етті ме?

- Шайхов пен Рудосельский – құраманың көшбасшылары, сонымен қатар, шақырту алған басқа ойыншыларға да үлкен үміт артқан едік. Мысалы, Балтабаев орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Бұл - құраманың осал тұсы. Вороговский мен Кейлердің Премьер-Лигада тәжірибелері бар. Турнир кезінде олар бізге көмектесер еді. Сол себептің аталған ойыншылардың жоқтығы кері әсерін тигізді. Кез келген оқу-жаттығу жиыны, турнирлер жаттықтырушылар үшін ресми матчтар алдында өзара түсіністік жақсартуға, ойын үлгісін машықтауға беретін мүмкіндік екені сөзсіз. 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговина құрамасымен өтетін кездесуге екі айдан аз уақыт қалды. Жастар құрамасы ұлттық құраманың резерві екенін түсіну керек. Футболшылар жастар құрамасында көрсеткен нәтижесі мен тәжірибесін ұлттық құрамаға ала келеді.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или