«Қайрат» — «Спортинг» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 30 қазанда алматылық «Қайрат» 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасы негізгі турында Португалияның «Спортингімен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады, оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
4-топқа сондай-ақ «Қайрат» пен «Спортинг», Хорватияның «Ново Вриеме» және Косоволық «Приштина» командалары кіреді. Турнирдің жаңа форматы бойынша топтағы үздік үш команда 1/8 финалға өтеді. Бұл топтағы барлық кездесулер Хорватияның Макарска қаласында өтеді.
Айта кетейік, «Спортинг» өз тарихында екі дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы және жеті дүркін финалист.
🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Қайрат» Чемпиондар лигасы алдында жеңіліп қалды
Қазақстандық төреші футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуі мүмкін
ҚФФ Өзбекстан - Қазақстан жолдастық матчы туралы мәлімдеме жасады