Шуми Бабаев: «„Барыстың“ құрамын Хабибулин мен Болякин жасақтайды»
Ресейлік танымал хоккей агенті Шуми Бабаев «Барыс» клубының қазіргі құрамын кім қалыптастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Рашид Хабибулин мен Болякин – команданы жасақтап жүрген екі адам. Әрине, бас бапкерді де сол екеуі таңдаған. Бірі екіншісінсіз әрекет етпейді деп ойлаймын, – деді агент.
– Шынымен бе? Болякин клубқа араласа ма?
– Ал Хабибулин «Барысқа» Болякинсіз қалай келер еді? – деп жауап берді Бабаев.
Еске салайық, 14 қазанда «Барыс» КХЛ-дың тұрақты маусымында «Сібірге» жол беріп, қатарынан алтыншы рет жеңіліске ұшырады. Бүгін астаналық команда өз алаңында омбылық «Авангардпен» кездеседі. Ойынның тікелей трансляциясы «Qazsport» арнасында сағат 19:30-да басталады.
ФОТО: ХК «Барыс»
Қазақстан чемпионатында сенсация тіркелді