Еуропа чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Сербиядағы Еуропа чемпионатына аттанатын ойыншылардың тізімін жариялады.

Какау қаңтардағы жолдастық кездесулерден кейін кеңейтілген тізімнен 16 ойыншыны қалдырды. Енді алдағы уақытта тағы екі ойыншы тізімнен тыс қалады. Себебі, Еуропа чемпионатына тек он төрт ойыншы ғана қатыса алады.

20-шы қаңтар күні Қазақстан құрамасы Алматыда жиналады. Ал қаңтардың 22-і мен 23-і Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесулер өткізіледі.

Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Григорий Шамро («Інжу»), Игита («Қайрат»);

Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Лео, Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин (барлығы — «Қайрат»), Николай Пенгрин, Павел Таку, Александр Гребонос, Арнольд Кнауб, Александр Довгань (барлығы — «Астана-Тұлпар»), Тимур Мұрзабаев, Ерсұлтан Сағындықов (екеуіде — «Аят»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или