Оливия Смит әйел футболындағы ең қымбат трансферге айналды

Оливия Смит әйел футболындағы ең қымбат трансферге айналды


Канада құрамасының шабуылшысы Оливия Смит «Ливерпульден» «Арсеналға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы футболшымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды.

Sky Sports мәліметінше, трансфер құны 1 миллион фунт стерлингке жеткен. Бұл — әйелдер футболындағы ең қымбат келісім.

Бұған дейінгі рекорд 2025 жылдың қаңтарында тіркелген болатын: сол кезде «Челси» Наоми Гирму үшін «Сан-Диегоға» 890 мың фунт төлеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или