ГЛАВНАЯ
Киберспорт
Team Spirit Academy ұжымы ARCRED командасын жеңіп, BetBoom LanDaLan #2 чемпионы атанды
Team Spirit Academy ұжымы ARCRED командасын жеңіп, BetBoom LanDaLan #2 чемпионы атанды

Team Spirit Academy ұжымы Counter-Strike 2-ден өткен BetBoom LanDaLan турнирінің екінші маусымында чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Максим «kyousuke» Лукин бастаған команда ARCRED ұжымымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті — Ancient-те 13:5, Mirage-да 13:5 және Train-да 13:6.
Бұл жеңіс Spirit Academy командасына 30 мың доллар (13,4 млн теңге) табыс әкелді. Екінші орынды иеленген ARCRED ұжымы 10 мың доллар (4,5 млн теңге) алды. Ал 3–4 орындарды бөліскен 1win Team және GUN5 командаларына 5 мың доллардан (2,2 млн теңге) берілді.
BetBoom LanDaLan #2 турнирі 5–8 мамыр аралығында Мәскеуде өтті. Сегіз команда 50 мың доллар (22,4 млн теңге) құрайтын жүлде қорын сарапқа салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или