«Қайрат» клубының капитаны финалдағы жеңілістен кейін жанкүйерлерге үндеу жолдады
Алматылық «Қайрат» клубының капитаны Біржан Оразов футзалдан Чемпиондар лигасының финалындағы жеңілістен кейін жанкүйерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, жеңілістің көңіл көншітпейтінін мойындады, бірақ мұндай сәттерде берілмей, алға жылжу маңызды екенін атап өтті:
«Басқаша нәтиже күткен едік, бірақ бұл да - құнды тәжірибе. Ойындар оңай болған жоқ. Нағыз кәсіби ойыншы жеңілген соң қайта тұрып, жолын жалғастырады. Алла қаласа, келесі маусымда Чемпиондар лигасын бағындырамыз.
Осы сәтті пайдаланып, шын жүректен барлық жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді - қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз біз үшін өте қымбат!
Сондай-ақ, әрдайым жанымыздан табылып, ортақ мақсатқа бірге қадам басып келе жатқан серіктестерімізге ерекше алғыс:
🔹 Спортты қолдау қоры- SportQory
🔹 Бас демеушіміз - «Самұрық-Қазына»», - деп жазды Оразов.
Еске салайық, 5 мамыр күні Францияның Ле-Ман қаласында өткен футзалдан Чемпиондар лигасының финалында «Қайрат» испаниялық «Картахена» командасынан 4:9 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық клуб бұл турнирді үш мәрте жеңіп алған Испаниядан тыс алғашқы команда атануға жақын болғанымен, бұл жолы сәтсіздікке ұшырады.
🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
🔹 @sportqory
🔹 @samrukkazyna_official