Карло Анчелотти қызметінен кетуге жақын

Карло Анчелотти қызметінен кетуге жақын


Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Спорт24 сайтына сілтеме жасап.

Sky Sports дерегінше, италиялық маман келесі аптада-ақ жұмысынан босатылуы ықтимал.

Бұған дейін Анчелоттидің Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Карло Анчелотти «Реалды» 2013–2015 жылдар аралығында баптап, 2021 жылы клубқа қайта оралды. Осы уақыт ішінде ол командамен бірге Испания чемпионы атанып, екі мәрте Кубок пен бір мәрте Суперкубокты жеңіп алды. Сондай-ақ, екі рет УЕФА Суперкубогын және екі рет клубтық әлем чемпионатын ұтып алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или