Самородовтың голы есепке алынбай, «Ахмат» сырт алаңда жеңілді

Ресей Премьер-лигасының 26-турында грознендік «Ахмат» сырт алаңда «Пари НН» командасына 0:1 есебімен жеңілді. Жалғыз голды бірінші таймның қосымша уақытында Хуан Боселли пенальтиден соқты.
Екінші таймда «Ахмат» бапкерлері шабуылды күшейтіп, алаңға Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовты шығарды. Ол небәрі сегіз минутта гол соққанымен, VAR тексерісінен кейін ереже бұзылды деп танылып, гол есепке алынбады.
Ойын соңына таман қонақтар есепті теңестіруге мүмкіндік алды, бірақ 103-минутта Надер Гандри орындаған пенальти жүзеге аспады. Осы жеңілістен кейін «Ахматтың» қоржынында 23 ұпай қалды, команда турнир кестесінде 14-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или