Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева чехиялық Анета Кучмовамен бірге Оэйрашта (Португалия) өткен турнирдің жұптық сынында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Құламбаева мен Кучмова Ингрид Мартинс (Бразилия) / Нина Стоянович (Сербия) жұбымен кездесіп, олардан екі сетте 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Оэйраштағы турнирдің жүлде қоры 100 000 АҚШ доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или