Садриддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Садриддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

19 сәуірде Қазақстан боксшысы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) пен мексикалық Элиас Эспадас (23-6, 16 КО) арасындағы жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Екі боксшы да салмақ өлшеуде 156,4 фунт (70,7 келі) көрсетті.

27 жастағы Ахмедов бірінші жартылай орта салмаққа оралып отыр. 2024 жылы ол АҚШ-та орта салмақта екі жекпе-жек өткізген.

Бокс кеші 20 сәуірде таңертең өтеді. Ахмедов пен Эспадас арасындағы жекпе-жек кештің басты жекпе-жегі болады.

Барлық іс-шара мен басты жекпе-жекті тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или