Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшы өзбек қарсыласын жеңді

Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшы өзбек қарсыласын жеңді

Хабаровскіде (Ресей) Константин Коротковты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшыларының бірі, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы және 2019 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Римма Волосенко Өзбекстан өкілі Рашида Тагированы (5:0) жеңді.

66 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дерби өтті: Аружан Жаңабаева Ұлдана Таубаймен кездесті. Таубай 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или