Қазақстандық шахматшылар Грекиядағы әлем чемпионатында 6 алтын, 1 қола медаль алды

Қазақстандық шахматшылар Грекиядағы әлем чемпионатында 6 алтын, 1 қола медаль алды

Қазақстан шахматшылары рапидтен юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлем чемпионы атағына ие болған шахматшылар:

– Әдинұр Әділбек (O8);

– Алиша Бисалиева (G8) — 11 партияның барлығында жеңіске жеткен. 

– Әміржан Әнетов (O10);

– Айару Алтынбек (G14);

– Елназ Қалиахмет (G16);

– Ерғали Сүлеймен (O18);

Жансая Шолпанбек қола медаль алды (G14). 

Алты жеңімпаз да швейцариялық жүйе бойынша өткен 11 турдың қорытындысы бойынша өздерінің жас санаттарында үздік атанып отыр. Олардың осы жеңісінен кейін Қазақстан командалық есепте бірінші орынға шықты. 

18 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионаты 2025 жылдың 13-17 сәуірі аралығында Родос аралында (Грекия) — Иксия курорт аудағындағы Rodos Palace Hotel Халықаралық конференц-орталығында өтіп жатыр. Турнирге 49 елдің 8 - 18 жасқа дейінгі санаттағы 433 шахматшысы келген.

Айта кетейік, бозбалалар мен қыздардың жарысы бөлек-бөлек өтеді. Қазақстан сайысқа 22 шахматшыны жіберді. Олардың ішінде екеуі ғана — Әдинұр Әділбек (O8) пен WFM Айару Алтынбек (G14) жарыс фавориттері саналды. 

17 сәуір күні блицтен (5+3) жарыс аяқталады. Онда швейцариялық жүйе бойынша 11 тур өткізу жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или