Team Spirit IEM Melbourne 2025 турниріне қатыспайтын болды

Team Spirit IEM Melbourne 2025 турниріне қатыспайтын болды

Team Spirit Counter-Strike 2-ден өтетін IEM Melbourne 2025 турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ESL өкілдері әлеуметтік желілерде мәлімдеді. Бас тарту себебі нақты айтылған жоқ — тек бұл шешім 4 сәуірде қабылданғаны белгілі.

Ұйымдастырушылар Team Spirit орнына Complexity Gaming командасын шақырып, олар турнирге қатысатынын растады және Аустралияға баруға қажетті визаларды алды.

Бұл қатысушылар құрамындағы екінші өзгеріс: бұған дейін Eternal Fire (қазіргі атауы — Aurora Gaming) турнирден бас тартып, оның орнына SAW командасы келген болатын.

IEM Melbourne 2025 чемпионаты 21–27 сәуір аралығында өтеді. Турнирге 16 команда қатысады, ал жүлде қоры 300 мың АҚШ долларын (шамамен 135 млн теңге) құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или