«Астана» командасының велошабандозы «Хайнань турында» жеңіске жетті

Қытайда беделді көпкүндік «Хайнань туры» веложарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жарысқа қатысып жатқан командалардың қатарында қазақстандық «Астана» велокомандасы да бар. Бәсекенің алғашқы, ұзындығы 90 шақырымнан асатын кезеңінде елордалық команданың өкілі, италиялық Маттео Малучелли топ жарды.
Ол мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Екінші орынды эстондық Норман Вахтра (China Glory–Mentech Continental командасы) иеленсе, үшінші болып Li-Ning Star командасынан Александр Сэлби келді.
«Астана» командасының өзге велошабандоздары мынадай нәтижелер көрсетті: Аарон Гейт — 14-орын, Николя Винокуров — 49-орын, Густав Ван — 60-орын, Хенок Мулюбырхан — 66-орын, Су Хаоюй — 94-орын, ал Лев Гонов 126-орынға табан тіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или