«Астана» шабандозы «Фландрия турында» оныншы болып мәреге жетті

«Астана» шабандозы  «Фландрия турында» оныншы болып мәреге жетті

Бүгін Бельгия жолдарында бір күндік «Фландрия туры» веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста бірінші орынды UAE Team Emirates-XRG командасынан словениялық Тадей Погачар иеленді. Екінші орын Lidl-Trek шабандозы даттық Мадс Педерсенге бұйырды. Үздік үштікті Alpecin-Deceuninck командасының нидерандылық шабандоз Матье Ван дер Пул түйіндеді. 

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені 10-орын алған Давиде Баллерини көрсетті.

«Фландрия туры» Bruges — Oudenaarde. 269 километр.

1. Тадей Погачар (Словения, UAE Team Emirates-XRG) — 5:58:41

2. Мадс Педерсен (Дания, Lidl-Trek) — +1:01

3. Матье Ван дер Пул (Нидерланды, Alpecin-Deceuninck)

10. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +2:19

12. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана»)

27. Евгений Федоров (Казахстан, «Астана»)

31. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана»)

68. Давиде Тонеатти (Италия, «Астана») — +7:23

72. Микеле Гадзоли (Италия, «Астана»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или