«Фулхэм» - «Ливерпуль»: Статистика, болжам
Жексенбі, 6 сәуірде Лондондағы «Крейвен Коттедж» стадионында 2024/25 маусымындағы Ағылшын Премьер-Лигасының 31-ші турының матчы өтеді, онда «Фулхэм» чемпионат көшбасшысы «Ливерпульмен» ойнайды, деп жазады Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Кездесу алдында алаң иелері 45 ұпаймен оныншы орында тұр. Дегенмен, Чемпиондар лигасына жолдама беретін төртінші орыннан бар болғаны жеті ұпай ғана қалып тұр.
Өз кезегінде «Ливерпуль» турнирлік кестеде сенімді көш бастап тұр. Бүгін жеңіске жетсе екінші орындағы «Арсеналдан» 12 ұпай озып кетеді. Біріншілік аяқталуына жеті тур ғана қалды. Сондықтан, АПЛ-дағы чемпион анықталды деп 90 пайыз сенімді айтуға болады.
Марко Сильваның шәкірттері лигада соңғы алты матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілді. Англия кубогының ширек финалында «Кристал Пэластен» 0:3 есебімен жеңілді.
АПЛ чемпионы атағына өте жақын болса да «қызылдар», наурыз айында екі жарыстан шығып қалды. Алдымен, Чемпиондар лигасында «ПСЖ-ға» жол берді, Англия лигасының кубогында «Ньюкаслдан» ұтылды. Сондықтан, маусым ортасында бірден төрт трофейге үміткер «Ливерпуль» бір жүлдені ғана қанағат етуі мүмкін.
Бірінші айналымдағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталған еді.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл матчқа мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: «Фулхэмнің» жеңісі – 4.10, «Ливерпульдің» жеңісі – 1.84.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.