Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Морелияда (Мексика) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында 1/8 финалда Жұқаев бразилиялық Фелипе Алвеспен кездесіп, оны екі сетте – 7:6, 6:4 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды.
Морелиядағы «Челленджер» турнирінің жүлде қоры 200 000 доллар. Жеңімпаз 28 400 доллар алады, сонымен қатар 125 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или