Махмұд Сабырханға жаңа қарсылас іздестірілуде

Махмұд Сабырханға жаңа қарсылас іздестірілуде

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасатын Махмұд Сабырханға ұйымдастырушылар жаңа қарсылас іздеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы sportbugin.kz сайты жазды.

Бұған дейін Махмұд Сабырхан филиппиндік Джэй Фрэнсис Бураймен (13-3-1, 3 КО) жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын. Алайда, Бурайдың Астанаға келмейтіні анықталып отыр.

Осылайша, бокс кешіне небәрі 10 күндей уақыт қалғанда Махмұд Сабырханның қарсыласы жоқ. Бұл – оның кәсіпқой бокстағы дебюті екенін де айта кету керек.

Кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырып отырған Nomad Promoutions компаниясы Балауса Мұздыманға да уәде еткен америкалық боксшыны әкеліп бере алмады. Қазақтың боксшы қызы мансабында алғаш рет азулы қарсылас – Розалинда Родригеспен (14-0, 3 КО) күш сынасуы тиіс еді. Алайда, жнкүйерлер бұл жекпе-жекті көре алмайды. Оның орнына Балауса филиппиндік Мария Тереза Пинилимен жұдырықтасады.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или