Уэльс — Қазақстан ойыны қарсаңында негізгі ойыншыларынан айырылды

Уэльс — Қазақстан ойыны қарсаңында негізгі ойыншыларынан айырылды


Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстанмен өтетін матчтың алдында Уэльс құрамасы бірнеше футболшысынан айырылды.

«Сток Сити» шабуылшысы Льюис Кумас жарақатына байланысты алдағы ойында алаңға шықпайды.

Сонымен қатар бас бапкер тізімінен «Суонси» жартылай қорғаушысы Олли Купер мен «Мазервелл» ойыншысы Кай Эндрюс та табылмады. Олардың не себепті шет қалғаны нақтыланған жоқ.

Уэльс пен Қазақстан арасындағы кездесу 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні, Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или