Астанада әуесқой командалар арасында футзалдан ҚР чемпионаты өтеді

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан футзал қауымдастығы және Әуесқой футбол лигасымен бірлесіп әуесқой командалар арасында футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізетінін хабарлады.
Турнир 2025 жылғы 21-25 наурыз аралығында елордада өтеді.
Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 64 команда қатысады, ал жалпы ойыншылар саны шамамен 770 адамды құрайды. Бұл чемпионат Қазақстандағы әуесқой футзалдың маңызды оқиғасы болмақ, қатысушыларға ұлттық деңгейде шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Турнир жеңімпаздары (немесе олардан бас тартқан жағдайда жүлдегерлер) футзалдан Қазақстан Республикасының Кубогына, сондай-ақ Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу құқығына ие болады. Осылайша, чемпионат елдегі футзалдың дамуына ықпал етіп, әуесқой командалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.