«Астана» шабандозы «Faune Drome Classic» жарысында жетінші орын алды

«Астана» шабандозы «Faune Drome Classic» жарысында жетінші орын алды

Бүгін Францияда бір күндік «Faune Drome Classic» веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста UAE Team Emirates-XRG командасының испаниялық шабандозы Хуан Аюсо жеңіске жетті. Екінші орын Lidl Trek командасының даниялық шабандозы Маттиас Скельмосе Йенсенге бұйырды. Үздік үштікті Visma | Lease a Bike командасынан британиялық Бен Таллэт түйіндеді.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені жетінші болып келген Клеман Шампуссен көрсетті.

«Классика Фаун Дром»

Этуаль-сюр-Рон — Этуаль-сюр-Рон. 189 километр.

1. Хуан Аюсо (Испания, UAE Team Emirates-XRG) — 4:31:48

2. Маттиас Скельмосе Йенсен (Дания, Lidl-Trek) — +0:23

3. Бен Талэтт (Ұлыбритания, Visma | Lease a Bike) — +1:15

7. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана»)

10. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)

44. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — +3:52

50. Даррен ван Беккум (Нидерланды, «Астана») — +4:38

71. Симоне Занини (Италия, «Астана») — +14:42

82. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +15:34

123. Никола Кончи (Италия, «Астана») — +15:53.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или