Густаво: «Игита, Лео, Дугластың келуімен Қазақстан құрамасы күшейді»

Футзалдан Ресей құрамасының қақпашысы Густаво ЕУРО-2016 топтық кезеңіндегі қарсыластары жайлы айтып берді.

«Қазіргі таңда, Хорватия құрамасы өте мықты. Біз үшін олардың әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмауы нағыз сенсация болды. Қазақстан құрамасы да біз үшін қауіпті қарсылас. «Қайрат» – екі дүркін УЕФА кубогының иегері. Ал Қазақстан құрамасының тең жартысы «Қайраттың» ойыншылары. Сондай-ақ, Лео, Дуглас пен Игита Қазақстан азаматтығын алып, Ұлттық құрамасын күшейткені анық. Алдағы уақытта, қарсыластарымыздың кездесулерін көріп, зерттеп бастаймыз. Еуроға сақадай сай дайын болып барамыз. Тобымызда әлсіз командалар жоқ», - деді Густаво.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Ресей және Хорватия құрамаларымен кездеседі.

championat.com сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или