«Астана» велоклубының атауы өзгеруі мүмкін

2015 жылдың басында «Астана» командасы БАӘ елінің мемлекеттік компанияларымен демеушілік туралы келіссөздер бастаған. Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев бұл келісімнің әлі нақты шешілмей жатқанын айтты.

- Арабтармен жұмыс істеу қиын. Біз екі кездесу өткіздік. Біз команданың атын өзгертуді қаламаймыз. Ал арабтар команданың атын өзгертуді қалайды. «Астана» - Қазақстан үшін саяси әрі имидждік жоба. Сондықтан «Астана» атауын басқа атауға ауыстыру мүмкін емес. Кейін «Астана» атауына тағы бір атты қосарлап қосу жағын қарастырдық. Бұл жерде «Астана» атауы немесе арабтар ұсынатын атауы бірінші жазыла ма?» деген мәселе туындады. Енді 20 желтоқсаннан кейін арабтармен тағы бір мәрте кездесіп, бұл мәселені тағы талқылаймыз, - деді Қалетаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или