«Астана» шабандозы «Руанда турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті

«Астана» шабандозы «Руанда турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті

Эритрея құрамасы сапында өнер көрсететін «XDS Astana Team» шабандозы Хенок Мулюбырхан «Руанда туры» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

158 шақырымдық кезең таулы трассада өтіп, Мулюбырхан жеңімпаз атанған жаппай спринтпен аяқталды.

«XDS Astana Team»шабандозы мен Эритрея құрамасы үшін бұл биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі.

«Мен бұл жеңіске өте қуаныштымын. «Руанда турына» Эритрея командасымен белгілі амбициялармен келдім және жарыстың басында жеңіске жеткеніміз өте жақсы. Командаластарым күні бойы мені жақсы қолдады, спринтте тамаша позицияға жетуіме көмектесті, соңында бәрі ойдағыдай болды. Командама жеңіс әкелгеніме қуаныштымын, біз күресуді жалғастырамыз», - деді Хенок Мулюбырхан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или